Нархоз студенттері мен шетелдік студенттер үшін академиялық мобильділік

Бұл бағдарлама серіктес университетте оқу курсын өткісі келетін Нархоз университетінің студенттеріне, магистранттарына және доктаранттарына немесе Нархозда оқығысы келетін шетелдік студенттерге арналған

Үміткерлерге қойылатын талаптар

  • Құжаттарды тапсыру кезінде бакалавр студенті немесе магистрант 1 семестрді толық бітіруі қажет.
  • Оқитын елдің тілін керекті деңгейде білу.
  • Ортақ балы GPA 3,0 немесе одан да көп болу қажет
  • Deadlines.

Құжаттарды тапсыру ережелері

  • Академиялық мобильділік бөліміндегі маманмен кеңесу: 262-кабинет, 2 этаж, басты оқу ғимараты.
  • Қажетті құжаттар тізімін жинау.
  • Құжаттар тізімі, қажетті толтыру формалары және серіктес университеттердің тізімі –мұнда.
  • Осы жылдың күзгі семестріне өтінім беру — 1 сәуір 2019 жыл. Келесі жылдың көктемгі семестріне өтінім беру — 19 қазан 2019 жыл.
  • Университеттен электронды пошта арқылы шақырту немесе мақұлдау алу.
  • Қажет болған жағдайда визаға құжаттарды өткізу.

Оқу басталмастан бұрын

Академиялық мобильділік бағдарламасына қабылданған жағдайда ағымдағы оқу қарыздарын өтеп, бірқатар талаптарды орындау қажет.

null

Қарыз

Міндетті компонеттер бар болған жағдайда жазғы семестрге жазылып, кеткенге дейін міндетті компоненттерді өту қажет — күзгі семестр үшін. Міндетті компонеттер бар болған жағдайда, оларды келген кезде өту керек — көктемгі семестр үшін. Оқу тәжірибесі бар болған жағдайда деканатта тіркеліп, тәжірибені өтуге өтініш жазу қажет. Егер қарыз болмаған жағдайда студент академиялық мобильділік бағдарламасына құжаттарды өткізуді жалғастыра бере алады.
null

Кредиттер саны

Деканаттан академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша семестрде өту керек кредиттер санын білу керек.
null

Әскери кафедраның студенттері

Әскери кафедраның студенттері әскери кафедраның бастығының атына рапорт жазып, рұқсат алуы және жеке жоспарын құруы тиіс. Осылардың көшірмесін және негізгі құжаттар пакетін академиялық мобильділік бөліміне өткізу керек.
null

Пәндерді қайталап жабу

Келгеннен кейін студент алдыда пәндерді қайталап жабу үшін транскриптті академиялық мобильділік бөліміне тапсыруы керек. Академиялық мобильділік бойынша оқу барысында өткен Foundation бағдарламасының пәндері қайталап жабылмайды.
null

Оқу тәжірибесі

Келгеннен кейін студент оқу тәжірибесі жөнінде өзінің кафедрасымен байланысуы керек.
null

Қаржылық құжаттар

Қаржыландыруға немесе жартылай шығынның төлеміне ие болған студенттер растайтын қаржылық құжаттарды қамтамасыз етуі керек.

Басқа университеттердің студенттері үшін академиялық мобильділік

Бұл бағдарлама Нархоз университетінде оқу курсын өткісі келетін басқа университеттердің студенттері үшін арналған.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

  • Оқып жатқан университетінде жақсы үлгерім көрсету.
  • Intermediate деңгейінен төмен емес ағылшын тілін білу.
  • Орыс тілін еркін білу.

Қабылдау ережелері

  • Үлгі бойынша ректордың атына ресми хат жазу.
  • Алдыңғы оқу кезеңі бойынша транскриптті қамтамасыз ету — академиялық анықтама.
  • Жеке куәліктің көшірмесін немесе пасторттың көшірмесін қамтамасыз ету. Шетелдік студенттер үшін — паспорттың түпнұсқасын қамтамасыз ету.
  • Оқу туралы келісімді үлгі бойынша толтыру.
  • Пәндерге тіркелу.
  • Үміткердің сауалнамасын үлгі бойынша толтыру.
  • Үміткердің сауалнамасы үшін 3*4 см электронды фотосурет жасату — 1 дана.
  • 3*4 см фотосурет жасату — 4 дана.

Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар пакетін жинап, сол құжаттардың скан-көшірмелерін academic.mobility@narxoz.kz электронды поштасына жіберу керек.

Жатаханада тұру үшін

  • 3*4 см фотосурет жасату— 5 дана .
  • Қазақстанда немесе орыс тіліндегі қорытындысымен бірге өз елінде флюорография суретін жасату.
  • АҚТҚ жоқтығын куәландыратын анықтаманы қамтамасыз ету. Анализді өз елінде өтіп, орыс тіліндегі қорытындысын әкелуге болады.
  • Медициналық анықтама жасату.
  • Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін қамтамасыз ету.

Қосымша ақпараттар

  • Шекарадан өткен кезде миграциялық картаға келудің оқу мақсатын көрсету.
  • Келгеннен бастап 5 күнтізбелік күн аралығында паспорт тіркеуінен өту қажет.
  • Флюорография суретін жасатуға болатын жерлер тізімі мұнда.
  • Deadlines
  • Күзгі семестрге құжаттарды өткізу мерзімі — 2019 жылдың 1 тамызына дейін.
  • Көктемгі семестрге құжаттарды өткізу мерзімі — 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін.
  • Визалық қолдау үшін сауалныманың үлгісі мұнда.